Мал саудасындағы делдалдықты жою
Мал шаруашылығындағы халықаралық тәжірибені меңгеру мақсатында Аустралияға барған қазақстандық делегация осы елдегі ең ірі мал базарларының бірінде болды.
Мұхиттың арғы бетіндегі елде мал саудасының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, әр сатылған қарадан үкіметке салық түрінде 5 аустралия доллары түседі, бұл төлемдер заңмен белгіленген. Ал мал базарларының тарихы 150 жылдан асады. Эл Икс базарына бір уақытта 8 мың басқа дейін сыяды. Мұнда жыл сайын 140 мыңға жуық ірі қара мал сатылады. Барлық мал басы электронды биркалар арқылы сәйкестендіріліп, бақыланады. Еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстанда да болашақта осындай базарлар ашылады. "Бұл арадағы делдалдарды қысқартып, ет бағасын арзандатуға септеседі", - деді.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Мынандай сауда әлі бізде дамыған жоқ. Себебі әр фермер үкіметке айтар талабы, өзіміз өсірген малымыз қандай жақсы бағада өтеді, себебі делдалдар көп, пайданы солар көріп жатыр. Ал мына жерде әділ, әр мал аукцион арқылы сатылады.