Елде 21 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

Елде екпе салу бағытындағы жұмыстар жүйелі емес.

Қоймадағы вакциналардың өзі бірқатар өңірде қолжетімсіз. Шалғай ауылдарда медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеуі жығылғанға жұдырық болып тұр. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында депутат Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты. «Вакцинациялауда халықты ақпараттандыру және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу керек», - деді Сенатор.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Cенатының депутаты:

- АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның жаһандық індетіне қатысты мәліметтері бойынша Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы үштікке кірді. Елде 21 мыңнан астам адам қызылша ауруын жұқтырған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Эфиопияда 11 мың, Пәкістанда 8 мың, Конгода 6 мың адам ғана шалдыққан. Статистика бойынша Қазақстан тіпті Африка елдерінің алдына шықты.