Жетісу облысында қар құрсауынан 43 адам құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 43 адам құтқарылды.
Олардың төртеуі – бала және біреуі – аяғы ауыр келіншек. Жолаушылармен қатар омбы қарға батқан 7 жеңіл және 10 жүк көлігі тасжолға шығарылды. Қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетіліп, қауіпсіз жерге орналастырылды, - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.
Айта кетейік Достық Үшарал аралығында ақтүтек боран соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар алыс жолға шықпау керектігін ескертіп отыр.