Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Өздеріңіз білесіздер, бүгінде мемлекетіміз өз жолын тауып, жаңа дәуірге нық қадам басты. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды реформалары мен тың бастамаларының арқасында жаңғыру мен жаңарудың жаңа белестерін бағындырып келеміз. Бұл қадамдардың бәрі ең әуелі тәуелсіздігімізді тұғырлы, азаттығымызды ғұмырлы етуге бағытталып отыр", - деп жазды Мәжіліс Төрағасы