Ұлттық ұланға екі егіз жұп әскери қызметке келді
Қарағандыдағы Ұлттық ұланға қарасты 6505 әскери бөліміне екі бірдей егіз жұп әскери қызметке келді.
Алғашқысы Түркістан облысынан келсе, кейінгілер Павлодар облысының тумалары. Егіз-лебізді ажыратуда командирлер де, қатарластары да қиындық көріп жүрген көрінеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында олармен әріптесіміз Дәуренбек Бағдәулетұлы да танысып қайтқан болатын.
Бұл Мұхаммед пен Әли. Ал бұл Бекарыс пен Жанарыс. Бастапқыда дене пошымына қарап ажыратқан командирлер әскери киім киген соң тіпті ажыратудан қалыпты. Мұхаммед пен Әлидің мінез-құлқында ғана айырмашылық бар көрінеді.
Азамат Дәрібаев, 6505 ӘБ взвод командирі:
- Екеуін ажыратамыз сол мінезінен. Біреуі салмақты, екіншісі көңілді. Мұрнында қалы бар үлкенінің. Сатыпалды Мұхаммед үлкені, Сатыпалды Әли кішісі. Ағасы үлкендеу, аралары 15 минут.
Мұхаммед пен Әли көп балалы отбасының перзенттері. Әкесі әскер сапында қызмет еткен. Сондықтан Мұхаммед те Отан алдындағы борышын өтемекке бекініпті. Әли болса егізіне еруден өзге амалы қалмағанын айтады. Бірақ мұнда көп нәрсе үйренген.
Әли Сатыпалды, 6505 ӘБ қатардағы жауынгері:
- Тәртіп, тазалыққа үйренеміз. Киім тігуді үйрендік. Сапта жүруді үйрендік. Біз өз еркімізбен келдік. Болашақта повар болғым келеді, шеф повар.
Сарбаздардың әскер қатарына келгеніне 2 апта болды. Қазір алғашқы оқу-жаттығудан өтіп жатыр. Арыстан келген Жанарыс пен Бекарыстың қасында немере ағасы Сағдатбек те бар. Олар «Арқаның сарышұнақ аязы тоңдырды» дейді.
Жанарыс Әділбек, 6505 ӘБ қатардағы жауынгері:
- Айырмашылық енді ауа райында, Арыс енді ыстық, мына жақ салқын екен, мына жақта сәл тоңдық.
- Ауырып қалған жоқсыңдар ма?
- Жоқ, әзірге ауырған жоқпыз.
Бекарыс Әділбек, 6505 ӘБ қатардағы жауынгері:
- Бұрынғы уақытпен салыстырғанда сол ерте тұрып, ерте жату, бір уақытта тамақ ішу сол. Сапта жүруді үйрендік. Бұл жерде тәртіп. Өскен кезде сол войенный боламыз соңына дейін.
Мәтін: Егіздер де әскер қатарына қалыпты шақыру бойынша алынады. Бірақ әскерилер көбіне оларды басқа бөлімдерге бөлмеуге тырысады екен. 6505 бөлімінде бұрын соңды мұнша егіз болмаған. Сондықтан биылғы маусым ерекше болып тұр дейді әскерилер.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар