Елордада балалар «Ертөстік» ертегісін сахналады
Тәуелсіздік күніне орай елордадағы номері 37 «Арман» балабақшасының тәрбиеленушілері «Ертөстік» ертегісін сахналады.
Балалар алдымен әнұранды әуелетіп сосын мерекелік қойылымға кірісті.
Ертеңгілікте мектепалды «Айгөлек» тобы «3D мэппинг» инновациялық технологиясын қолданды. Бүлдіршіндер ертегінің мазмұнын ашып, құдды бір әртістер секілді сахнада өнер көрсетті. Балақайлар ән айтып, би биледі. Жиналған қауымның ықыласына бөленді.