Биыл елімізде білім беру саласында жағымдық жаңалық көп

Қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсіп, ал қыркүйектен бері 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға ұлғайған.

Жалпы республикамыз бойынша 165 мектеп пайдалануға берілген. Оларда 137 мың оқушы оқып жатыр. Осылайша апат жағдайындағы 12 және үш ауысымда оқып келген 29 мектептің мәселесі шешілді. Сондай-ақ 210 оқу орнының ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды. Жоғары білім беру бағытында оң өзгеріс жетіп-артылады.

Ғани Бейсембаев, ҚР оқу-ағарту министрі:

- Алдағы 2 жылда жастарды сұранысқа ие мамандықтармен 100 пайыз тегін қамту көзделген. 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі 155 мыңға дейін артады. Оның 70 пайызын техникалық мамандықтарға бағыттау жоспарланып отыр. Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50 пайызға артты. Ал келесі жылы тағы 50 пайызға ұлтайту көзделіп отыр.