Жезқазған жылу электр орталығында 3 қазандық істен шықты
Жезқазған жылу электр орталығында бірден 3 қазандық бұзылды.
Алдымен №4 қазандықтан ақау анықталып, жұмысын тоқтатқан. Көп ұзамай тағы екеуінің түтін тартқыш қозғалтқышы істен шыққан. Қазір небәрі 2 қазандық істеп тұр. Ал үйлерге берілетін жылу температурасы қалыпты деңгейден 10 градусқа дейін төмендеп кеткен. Апат салдары туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған қала әкімі жөндеу жүріп жатқанын, қазандықтар алдағы тәулікте толығымен іске қосылатынын айтты.
Қайрат Шайжанов, қала әкімі:
- Бүгін бір қазандықты қосамыз, одан кейін 10-ның кезінде бір қазанды қосамыз. Сонда бүгін түнде бізде 4 қазандық жұмыста болады. Температураны көтереміз. Содан кейін 5-ші қазандық ертең таңертең іске қосылады.