Қайрат Сатыбалдыұлын тергеу жалғасып жатыр
Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа адамдарға қатысты елден заңсыз шығарылған және қылмыс жолымен табылған ақшаны қайтару жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр.
Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Осы желтоқсан айында Қайрат Сатыбалдыұлы заңсыз жолмен иемденген 120 миллион АҚШ доллары қазынаға қайтарылды. Бұл біздің валютаға шаққанда 55 миллиард 400 миллион теңгеден асатын сома.