Атырау облысындағы екі компанияға ₸10,7 млрд айыппұл салынды

Атырау облысында экология заңнамасын бұзған «Karabatan Utility Solutions» серіктестігі мен «Теңізшевройл» компаниясы 10,7 млрд теңге айыппұл арқалады.

Қос компания парниктік газдар бен зиянды қалдықтарды рұқсат етілген нормадан асырып жіберген. Бұл прокурорлар жүргізген талдау нәтижесінде белгілі болды. Бұған қоса кәсіпорындардың жерді ластағаны да анықталды.

Қанат Қабдолов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Өндіріп алынған айыппұлдың мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады. Өңірдің тұрғындары үшін атмосфералық ауа райын жақсартып, таза қылу үшін біз күш-жігерімізді салып жұмыс жүргізудеміз. Ал әр өнеркәсіп мекемелері немесе табиғат пайдаланушылар зиянды шығарындылар шығарған кезде тәртіпке заңға бағынуды ұмытпайы қажет.