Алматыдағы жан түршіктірер оқиғаның видеосы тарады
Алматыдағы жантүршігерлік жағдайдың қалай болғаны белгілі болды.
Бейнежазбадан ер адамның жүргізушіні ауыр соққыға жыққанын көруге болады. Әйел бір сәтке есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Еске сала кетейік, кеше Алматыда жол жиегінде тұрған адамдарды автобус қағып, 3 адам мерт болды. 4 адам ауруханаға түсті. Қазір зардап шеккен 50 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Бұл жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдері мәлімдеді. Тағы бір 55 жастағы ер адам бас-ми жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 36 жастағы автобус жүргізушісі де сол бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Ал 15 жастағы жеткіншек амбулаториялық ем қабылдауда. Тізесіне зақым келген, аяғына гипс салынды. Бір топ адамның өліміне себепкер болған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.