Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Шымкентте қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген «ЖК – Отау кейзет» компаниясының басшылары сотталды.

Екі күдікті 2018 жылдан бастап салымшылардан ақша алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп отырған.

150 азаматқа 432 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктілер кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.