Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы: кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі
Елде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам еңбек жағдайында жарақат алады, деп хабарлайды 24KZ.
Оның ішінде 200-ден астамы мерт болады. Бүгінде жұмыскерлердің тек 54%-і жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Ресми статистика бойынша 2022 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке, ал кәсіптік аурулар 8%-ке артқан. Бұл көрсеткіш жыл санап өсіп барады. Енді 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек жағдайлары бойынша кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі. Бағалау жұмыстары бойынша ескерту беріледі. Талапқа шекеден қараған ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Осы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030 жылға дейінгі «Қауіпсіз еңбек» тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ең алдымен кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекел алдын ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру сы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс. Жалпы алғанда тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторинг тиімділігін арттыруы керек.