Қызылорда облысында балық шаруашылығы инспекциясына жаңа көліктер берілді
Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы инспекциясына жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар берілді, деп хабарлайды 24KZ.
Су маржанын сүзу заңдылығын қадағалау шаралары үшін қажет оксиметр, эхолот және бейнетіркегіш құралдары жаңарды. Арнайы байланыс құралдарымен жабдықталған 4 жол талғамайтын автокөлік табысталды. Арал-Сырдария бассейіндік балық шаруашылығының техникалық базасы кейінгі 3 жылда 90%-ке жаңарды. Қазір табиғат қорғаушылар браконьерлердің жолын кесу үшін 7 қайық, 2 катер және 15 жол талғамайтын көлікпен су айдындарын күзетіп жүр. Биыл инспекторлар 630 заң бұзу дерегін анықтаған.
Пазылбек Нәлібаев, балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
- Қылмыстық құрамы бар 24 іс бойынша 25 тұлғаға қатысты іс қозғалды. Балық аулау ережесін бұзған 546 тұлғаға 10 миллион теңгенің үстінде айыппұл салынды. Бұл жұмыстар міндетті түрде жалғасын табатын болады.