Адай жылқысы ұлттық брендтер қатарына қосылды
Әділет министрлігі Адай тұқымды жылқыны ұлттық брендтер қатарына қосып, ресми түрде тіркеді.
Патент алу аталмыш жылқы түрін одан әрі сақтауға, іріктеуге, сондай-ақ отандық туризм мен ұлттық брендті дамытуға ықпал етеді. Бұған дейін
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына сапары кезінде осы асыл тұқымды жануарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді әрі өсімін молайтуды арнайы тапсырған еді.