Дәрілер мен зергерлік бұйымдар таңбаланады

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдар таңбаланады.

Өзгерістерге байланысты тиісті мекемелердің дайындығы пысықталып жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Бүгінде елімізде темекі өнімдері мен аяқ киім таңбаланады. Бұл шара заңсыз өнімді анықтап, салықтық түсімді арттыруға көмектесті. Үкіметтегі кездесуде Премьер-министр белгіленген тәртіппен таңбаланбаған тауарларды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді, сондай-ақ пилоттық режимде тауарларды іріктеу тетігін жетілдіруді тапсырды.

Айта кету керек, келер жылы таңбаланатын тауар тізімі артады.