ШҚО-да ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталды
Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін технологиялық көпір құрылысы аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл салынып жатқан негізгі көпірдің құрылыс қарқынын арттырады. Жабдықтарды жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Президент тапсырмасымен бұл нысан Көлік министрлігінің қарамағына берілді. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр. Бір жағында жаяу жүргіншілер жолағы болады. Бұл 3 ауданды біріктіретін ең ұзын өткел болмақ. Қазір нысан құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 18 тіректің 12-сі орнатылды.
Ермек Көшербаев, облыс әкімі:
- 2021 жылы осы көпірдің салу құрылысы басталған. Амандық болса, келесі жылдың аяғына дейін осы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Көп уақыттағы армандаған 2 аудан Шығыс Қазақстан елінің арманы орындалады деп ойлап отырмын. Бұл көпірдің маңызы өте ерекше. Бұл осы біздің өңірдің дамуын басқа бір жоғары дәрежеге көтереді.