Талдықорғанда кейуананы құтқарған әскери полиция қызметкері марапатталды
Талдықорғанда тоқсанға таяған кейуананы құтқарған әскери полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ерлік жасаған Ерлік Қанашевқа «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табыс етілді.
Оқиға қарашаның 17-сі күні Өтенай ықшам ауданында болған. Кіші сержант өртеніп жатқан үйден кейуана мен газ балонын сыртқа шығарады. Сосын өрт сөндірушілер келгенше су шашып, қызыл жалынды өшіруге тырысқан.
Ерлік Ерікұлы, Жетісу гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкері:
- Мен өзімді ерлік жасадым деп санамаймын. Менің орнымда болса кез келген адам жасайтын еді. Апаның дені сау, бәрі жақсы. Аман-есен шығарып алдым. Жедел жәрдем келді. Ешқандай жарақат алған жоқ.