Алматыдағы «Мейірім мекенінде» мерекелік іс-шара өтті
Алматыда көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар
тұратын «Мейірім мекені» үйінің тұрғындары жаңа жыл мерекесін атап өтті. Тарыққандарға тығырықтан шығатын жол көрсетіп, қамыққандардың қасынан табылатын қайырымды жандар «Мейірім мекенінде» түрлі шаралар ұйымдастырып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп жатады. Әлеуметтік жобаға жауаптылар, биыл да жас бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Аяз ата мен Ақшақар алдында өнер көрсеткен жас өрендер, сый-сыяпат алып мәре-сәре болды. «Мейірім мекені» тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Нұрсұлтан Қабиев, «Мейірім мекені» орталығының директоры:
- Мейірім мекені орталығымызда бүгін жаңа жыл мерекесін тойлатқан болатынбыз. Ол мына біздің бүлдіршіндеріміз балаларымыз көрсін деген ниетпен, қатардан қалмай ел балалары қатарында жүрсін деген ниетпен осындай шара өткізген болатынбыз. Біз мұндай шараларды жыл сайын әр мерекені өткізбей осындай шараларды өткізіп, балаларымызды қуантып отыруға талпынамыз.