Президент жылу желілерін жаңғыртуды тапсырды

Президент Үкіметтің жылу-энергетика саласына қатысты қызметін сынға алды.

Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды. Үкімет отын-энергетика кешенінің үздіксіз жұмысын әрең қамтамасыз етіп отыр – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент халықты тұрақты жылумен қамту, коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ескертті. Үкімет пен әкімдіктерге қажетті шараларды дереу қолға алуды тапсырды.