Қытаймен достық қатынас нығайды
Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі нығая түсті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің ынтымақтастығы жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам басқанын айтты. Өзара тауар айналымы жыл санап артып келеді. Оның көлемі былтыр 24,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жаңа рекорд! Қытай бұрыннан Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған инвесторлардың қатарында. Оның үстіне екі ел арасында визасыз жүру режимі күшіне енді. Президент өз сұхбатында көршімен достық қарым-қатынас және өзара сенімнің артықшылықтарын тиімді пайдалану өте маңызды екенін атап өтті.
Бауыржан Әукен, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы:
- Мемлекет басшысының Бейжің қаласына сапары барысында Қазақстанға стратегиялық маңызы бар «орта дәлізді» дамыту жайлы құжатқа қол қойылғандығы, қарым-қатынасты өте қарқынды дамытып жатқандығын атап өтуге болады. Жалпы Қазақстанның сыртқы саясаты тек Қытаймен ғана емес, басқа да әлемнің дамыған елдерімен және көрші елдермен өрбіп жатқанындығымен түсіндіруге болады.