БҚО-да жауған қардың соңы жаңбырға ұласты
Толассыз төккен нөсердің салдарынан көшелер көлкіген суға толып, жолдар - Жайыққа, көліктер - қайыққа айналды.
Қазір қаланың тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс жүйесіне көшті. Тек соңғы екі тәулікте Орал көшелерінен 1060 текше метр су сорылыпты.
Ғаділ Қыстаубаев, Орал қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:
- Қазіргі таңда су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала бойынша қазіргі таңда 15 ассенизатор жұмыс жасап жатыр. ТҮКШ бөлімінің мониторинг тобының мамандары көшені аралап, видеоны арнайы топтарға жіберіп, қай жақта көп су басып жатыр, сол жаққа техника жіберіп жатырмыз.
Темірбек Есболсынов, қала тұрғыны:
- Үлкен кісілерге қиындау болып тұр. Көше толған су ғой. Кілкіп тұр. Жүретін жерден жүре алмаймыз. Айналып өтеміз білетін жерлерменен. Ал енді білмеймін қалай болып кеткенін. Ауа райы жақсы емес.