Семейде Мақыпжамал Сейітқұлованың хаты табылды

Семейде Алаш меценаты, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған Мұхамедхан Сейітқұлға қатысты құнды құжат табылды, деп хабарлайды 24KZ.

Оны жұртшылыққа жария еткен – Абай облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Лаура Қадырова.

Бұған дейін Шәкәрім Құдайбердіұлының бұрын-соңды ешқайда жарияланбаған фотосын тапқан да осы мұрағатшы маман болатын. 

Бұл – Лаура Қадырованың бір жыл бұрын тапқан тарихи маңызы айрықша құнды құжаты. Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың анасы Мақыпжамал Сейітқұлованың прокуратураға жазған хаты.

Лаура Қадырова, Абай облыстық мемлекеттік архиві ғылыми анықтамалық ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы:

- Әрине, өзінің жұбайы Мұхамедхан Сейітқұловты жазықсыз 37 жылы НКВД азаматтары тұтқынға алып кеткен екен. Осы жөнінде не үшін ол кісіні тұтқынға алдыңыздар, ол жазықсыз адам еді дегендей жаңағы өтініш хатын білдірген екен. Бұл хаттың өте құндылығы Қайымдай ұлы перзентті дүниеге әкелген Мақыпжамал апамыздың жазған жалғыз ғана хаты екен. Мұндай өз қолымен жазған хат ұрпақтарының қолында жоқ.

Лаура Қадырова Абай облыстық мемлекеттік архивінде 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін бірнеше құнды құжатты тауып, ғылыми айналымға енгізді. Былтыр алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның 1919 жылы өз қолымен жазған өтінішін жұртшылыққа жариялады.

Арман Мұсаханов, облыстық мемлекеттік архиві ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы:

- 2023 жылдың мамыр айында Әлихан Бөкейхановтың Омбы қаласына іссапары жөнінде құжатты тапқан болатын. Бұл құжаттың мәтіні емес, бұл құжаттың өзінің Әлихан Бөкейхановтың өз қолымен жазған мәні болып тұр. Абай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшесі. 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр.

Мұрағатшының 2009 жылы тапқан ерекше дүниелерінің бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының үшінші фотосы. Бұл фото 1925 жылы түсірілген.

Лаура Қадырова, Абай облыстық мемлекеттік архиві ғылыми анықтамалық ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы:

- Осы біздің архивте сақталған Шыңғыстау жотасында түскен фотосурет, әрине, біз үшін үлкен тарихи құндылығы бар. Олай дейтін себебім, Шәкәрім бабамыздың осы уақытқа дейін түскен фотосуреті толық кеудемен болған болса, ал үшінші табылған суретінде бүкіл денесімен Шәкәрім бабымыздың  тұла бойы сұлбасын бізге көрсетіп бергендей көрінеді.

3 құжаттың да түпнұсқасы осында сақталған. Бұған дейін қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы аталған мекеме жақында жаңа мәртебеге ие болды. Жалпы Абай облыстық мемлекеттік архивінде 650 мыңнан астам құнды құжат бар.

Авторлары: Азамат Қасым, Медет Өмірханов.