Жол-көлік апатынан 2226 адам опат болған
2023 жылдың 11 айында 13 мың 207 жол көлік оқиғасы тіркелді.
Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға аз. Дегенмен 18 мың 510 адам зардап шеккен. Оның ішінде 16 мың 284-і жараланса, 2 мың 226 адам опат болған. Ең көп зардап шеккендер Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан және Ақмола облыстарында тіркелген. Ең көп жараланғандар да осы өңірлерге тиесілі. Ал ең көп адам шығыны Қарағанды, Жетісу, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында болған.