8 ауылға көгілдір отын жетеді
Ақтөбе облысында биыл 8 ауылға газ құбыры тартылады.
Өңірде 169 елдімекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. «Бұқара-Орал» газ құбырының үшінші тізбегін салу жұмысы да биыл аяқталады. Нәтижесінде облысқа қосымша 526 мың текше метр табиғи отын жетеді. Бұл өндірістік жобаларды іске асыруға және қалаға жақын бірнеше ауданды газбен қамтуға толық жетеді. Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ауылдарды ауызсумен қамту жұмыстары да жалғасын табады. Қазір 323 ауылдың 282-сінде таза су бар.
Нұршашқан Ізбасарова, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Сондай-ақ экологиялық мәселелердің бірін шешетін ол біздің Ақтөбе қаласындағы кәріз тазарту құрылғысын салу болып табылады. 2024 жылдың мамыр айынан бастап, іске асыру басталатын болады. Бұл да бір Ақтөбе облысының бірқатар мәселесін шешуге ықпалын тигізеді.