10 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды

Былтыр Қостанай облысында 10 мыңнан астам адам арнайы әлеуметтік көмек алған.

Басым бөлігі – жалғызлікті қариялар мен денсаулығында кінарат бар жандар. Тағдыр тауқыметіне ұшырағандарды қолдау үшін  өңірде 12 орталық жұмыс істеп тұр. Онда мамандар оңалту-сауықтыру бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ отбасында зәбір көргендерге арналған бес баспана бар. Былтыр 278 адам сол жерлерде уақытша тұрақтаған. Бұдан бөлек,  адам саудасының құрбандары да осы жерден пана тапқан. 

Әлия Мекебаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әб басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылы адам саудасы құрбандарына әлуеметтік көмек көрсетуге облыс бюджетінен 15 миллион тенге бөлінді. Осы қаржы есебінен құлдықтан құтқарылған 20 адам біздің қамқорлығымызда болды. Оның бесеуі – әйел, төртеуі – бала, он бірі – ер адам. Олардың басым бөлігі еріксіз жұмысқа жегілген.