БҚО-ның бюджеті 11 млрд теңгеге толықты

Прокуратура салық төлеудегі олқылықтарды анықтап, мемлекетке осынша қаржы қайтарған, деп хабарлайды 24KZ.

Белгілі болғандай, өңірдегі  «Жайықмұнай» компаниясының салығы 9,5 млрд теңгеге аз есептеліп, қайта төленген. Сондай-ақ салық сомасын төмендеткені үшін 2 млрд теңге айыппұл тағы салынған. Тексеріс барысында серіктестіктің мемлекеттік бюджеттен өндірілетін шығындарды негізсіз көбейіткені де анықталды. Олар 38 млрд теңгеге артық есептеген болып шықты.