2023 жылы өрттен 375 адам қаза тапты

Соңғы бір жылда елімізде 12 мыңға жуық өрт тіркелді.

Тілсіз жау салдарынан 375 адам қайтыс болып, 300-ден астам тұрғын ауыр жарақат алған. Қайғылы жағдайдың басым бөлігі газ баллондарының жарылуынан болды. Атап айтқанда, жеке тұрғын үйлер мен автогаз құятын орындардағы тілсіз жаудан 21 адам мерт болып, 170-ке жуығы ауыр жарақат алды. Материалдық шығын көлемі 16 млрд теңгені құрап отыр. Ал соңғы 5 күнде 4 жарылыс тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Марғұлан Аманбаев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

- Жақсылап тексермейді, жылы да ескі. Даладан ішке кіргізгенде туындайды. Салмағына да байланысты. Көпқабатты тұрғын үйлерде 2-ші қабаттан жоғары шығармау керек.