Қосымша құн салығы туралы ақпарат жалған
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша құн салығы үшін өтемақы енгізді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар әлеуметтік желілерде сілтемеге өтуді ұсынады. Министрлік әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлады. Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін.