СҚО-да 9 адам отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұмды

СҚО-да былтыр 9 адам отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұмған. Жалпы өткен жылы 2,5 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 618 адам  әкімшілік қамауға алынған, деп хабарлайды 24KZ.

Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуі айыппұл төледі.

Елде тұрмыстық жанжал азаймай тұр. Енді отбасында жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді. Депутаттар жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осы мәселеге де кеңінен тоқталған еді.

Әсия Әбжанова, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Былтыр үйдегі ұрыс-керіс салдарынан облыста 9 адам мерт болды. Оның бесеуі – әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы 30 бен 45 аралығында. Қылмыстарың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжандың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр.