Ақтөбе облысында тұрғындар жедел жәрдем шақыра алмай әлекке түсті
Бұған желіде ақау туындап, 103 нөмірінің істен шығуы себеп болған.
Дәрігер көмегіне мұқтаж жандар он сағаттай уақыт диспетчерлермен мүлде байланыса алмапты. Құтқарушылар уақытша 112 және 109 нөмірлерін пайдаланып, науқастардан қоңырау қабылдаған. Облыстық жедел жәрдем қызметіне күніне шамамен 2 мыңға жуық шақырту түседі. Маусымдық өзгерістерге байланысты науқастар саны да артыпты.
Қанат Сырлыбаев, байланыс комнапиясының өкілі:
- Серверный атака болып осы 103 қызметіне бөлінген сатикалық ІР адрестерді блоктану арқылы барлық осы байланыс қызметтері жұмыс жасамады. Қазір толығымен осы 103 қызметіне бөлінген ІР адрестер ауыстырылды системалардың барлығы бар. Қазір енді бүкіл линиялар да, бүкіл интернет қызметтері де толығымен жұмыс жасауда. Толығымен бақылауға алынған да енді ондай жағдай қайталанбайды.