Жамбыл облысының жауынгерлері 24 шақырымды жүгіріп өтті

Бүгін Жамбыл облысының жауынгерлері еліміздің Теңіз жаяу әскері бастаған спорттық челенджді жалғастырды.

Әскери сауыт киіп, қаруын асынған 5 бөлімнің 300 сарбазы 24 шақырымды жүгіріп өтті. Челленджге қатардағы жауынгерлермен бірге сержанттар мен офицерлер және әскердегі бойжеткендер де қатысты. Төзімділік пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін шара - Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 113 жылдығы мен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі - Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған болатын.

Бақытжан Айтбаев, 85/395 әскери бөлімінің бригада сержанты:

- Бірге жұмылып жүгіру ешкімді қатардан тастамау, бұл әскери біздің тәртіп және жоғарғы біліктілік төзімділік. Жауынгерлік рухқа әсерін тигізеді. Бүгінгі іс-шарамызды челленжді Шығыс өңірлік қолбасшылығына жолдаймыз.