Патронатты тәрбие ережелері өзгереді

Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізу ұсынылып отыр.

Заң жобасы әлі қабылданған жоқ. Мамандар құжатты шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып қолға алған. Елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттің қорғауында. Бірақ интернат, балалар үйлерінен гөрі отбасында тәрбие алудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Павлодар облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 мың 535 бала бар. Бес жүзге жуығы мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатса, жетпіс екі бала патронаттық отбастарында тұрады. Балаларға 10, ата-аналарына 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған.

Вера Ким, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Бұрын үш форма болды. Ол қамқоршылық, патронаттық тәрбие және асырап алушы. Енді жаңа форма енгізіліп жатыр.Балалар үйлерімен салыстырғанда кәсіби патронаттық отбасында өмір сүру әлдеқайда ыңғайлы болады деп ойлаймын. Себебі бұл отбасы арнайы дайындықтан өткен. Ал қиын жағдайға тап болған бүлдіршіндер мемлекеттік мекемелерге емес бірден кәсіби патронаттық отбастарына табысталады. Баланың мәртебесі анықталғанға дейін бірнеше ай бойы жаңа ата-анасымен тұрып, сол уақыт аралығында бейімделіп үлгіреді.