Жүк тасушыларға қояр талап жеңілдейді
Елде жүк тасушыларға қояр талап жеңілдейді, деп хабарлайды 24KZ.
Халықаралық тасымалға рұқсат алатын құжат саны енді біреу ғана. Бұрын үшеу еді. Бұл елдегі 6 мыңға жуық кәсіпкердің жұмысын жеңілдетеді. Бас көлік прокуратурасы бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығын зерделей келе, осындай шешімге келді. Себебі кейбір қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорында барына қарамастан, тасымалдаушылар 20 шақты құжат тапсырып келіпті.
Манарбек Ерназаров, ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары:
- Біздің араласуымыздан кейін бұл талаптар алып тасталынып, 20 құжаттың орнына қазіргі уақытта 13-14-ке жуық құжатты тапсыратын болады. Мемлекеттік цифрлық шлюз арқылы алуға мүмкіндігі бар құжаттар алынып тасталынады.