Петропавлдағы жылу электр орталығына 500 маман жетіспейді
Кәсіпорын жұмысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова танысты.
Қазір нысанда 8 қазандық іске қосылған. Тағы үшеуі резервте тұр. Былтыр агрегаттарды жөндеу үшін 11 жарым млрд. теңге инвестиция тартылды. Жылу электр орталығында 160 мың тонна көмір қоры бар. Бүгінгі таңда кәсіпорындағы ең өзекті мәселелерді бірі - кадр тапшылығы. «Айлығы аз жұмысқа ешкімнің барғысы жоқ», - дейді басшылық. Ал оны көтеруге тариф мұржа бермейді.
Айта кетейік, қазір мұнда 2 мың адам еңбек етіп жүр.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс. Жылу электр орталығы жұмысшыларының айлығын өңірдегі немесе еліміздегі орташа айлық мөлшеріне жеткізіп, қайта қарау керек.