326 лото клубтың қызметі тоқтатылды

326 лото клубтың қызметі тоқтатылды

Елімізде 300-ден астам лото клубтың қызметіне тоқсауыл қойылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бас прокуратураның арнайы операциясы барысында казиноларға тінту жүргізіліп, 23 атыс және травматикалық қару, 200 миллион теңгеден астам ақша, 55 миллион Ресей рублі және 125 мың АҚШ доллары, сондай-ақ компьютерлік техникалар мен мобильді құрылғылар тәркіленді. Сондай-ақ шетелден онлайн-казино тарататын серверлер бұғатталды. Заңсыз ойын қызметінен басқа, клиенттерге интимдік қызмет ұйымдастыру, жеңгетайлық және есірткіні пайдалану фактілері тіркелген. Қазір күдіктілер ұсталды.