Павлодар облысында жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Павлодар облысында сарышұнақ аяз күні жарты жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.
Қаладан Ертіс ауылына қарай бет алған автокөліктен техникалық ақау шығып, 4 адам қиындыққа тап болған. Кейін екеуі жол-жөнекей бара жатқан көлікпен қалаға қайтып кеткен. Ал қалғандары құтқару қызметін шақырған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оларды ауылға аман-есен жеткізді. Мамандар тұрғындардан ауа райы қолайсыз күндері жолға шықпауды және дауылды ескертулерге құлақ асуды сұрайды.