Шымкентте күрделі операция сәтті өтті
Шымкентте дәрігерлер сирек кездесетін дертті ауыздықтау үшін күрделі операция жасап, ол сәтті аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Науқас бұған дейін ұйқы безінің түтікшесінде пайда болған тастан 7 жылдай қиналған. Қазір жағдайы оңала бастады, сәтін салса, келесі аптада ауруханадан шықпақ.
Абай Төрегелдиев, емделуші:
- Шайды айтпай-ақ қояйын, су ішкізбейді ғой. Қарныңның ашқанын білдірмейді. Мына ауру жаман екен, ащыны жақтырмайды, тәттіні жақтырмайды, бұл – панкреатит деген бәле. Біраз қиналдым.
Дәурен Қабылов, хирург:
- Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Алдағы жақын болашақта 5-6 айға дейін диетада болады бұл кісі. Диета ұстап, айтқан дәрілерді уақытында ішіп жүрсе, асқыну болмауы керек.