120 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді
Елдегі «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» осыдан 5 жыл бұрын құрылды.
Содан бері 120-дан астам жобаға қаржылық қолдау көрсетілген. Жалпы сомасы 20 млрд теңгеге жуықтайды.
Өнімдердің 30-ы деректі фильм, 26-сы қысқаметражды және 10-ы анимациялық фильм. Бас-аяғы 57 толықметражды фильм түсірілді. Оның 20-ға жуығы көпшілік назарына ұсынылды.
Орталықтың биылғы жоспары да ауқымды. Мемлекет қолдауымен түсірілген 30-ға жуық фильмді прокатқа шығармақ. Сондай-ақ 18 жаңа жобаның түсіріліміне дайындықты бастады.
Ұлттық киноны қолдау орталығы:
(2019-2024)
120 жобаны қолдады
20 млрд тг бөлді))
Түсірілген фильмдер:
57 толықметражды
30 деректі
26 қысқаметражды
10 анимациялық
Жоспар:
Прокатқа шығатын фильмдер – 30
Жаңа жобалар – 18
Жалпы 2023 жылдың 9 айында кинотеатрларға прокатқа 266 фильм шыққан. Оның 41-і ғана отандық өнім. Сонымен қатар, 2022 жылы басталған 18 фильмге және 2023 жылы өндіріске енген 19 жаңа киножобаға 1,5 млрд. тенге бөлінген екен.