Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Ақтөбе облысында «Аuto Seller» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды.

Былтыр наурыз айында қылмыстық топ автокөлік құралдарын қымбатқа сатып алу және арзанға сату қызметін бүркемелеп, заңсыз серіктестік құрған. Олардың мүлік иелеріне төлемді бөліп төлеу әдісі арқылы нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасқаны анықталды.

Әлібек Әбділов, қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты  одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды. Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 млн теңгені құрады. Сот Д.И. Дәулетовты 9 жылға, А.Т. Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.