Қос қаһарманның ғасыр тойы

Биыл Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығы.

Қос батырымыздың ерлігін еске алу үшін республика бойынша мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Қорғаныс министрлігінің арнайы тапсырмасымен 25 мамырға дейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы алаңға батырдың ескерткіші орнатылады. Оның туған жері Ақкөлде сквер ашу жоспарлануда. Жобаға 162 миллион қаржы бөлінген. Одан бөлек, жақын арада батырлардың ерлігі мен курсанттардың өмірі жайында «Әскери ант» телехикаясы көрермендерге жол тартады.

Тілеухан Басхожаев, ҚР ҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы:

- Қалада орындалатын іс-шаралар, қазіргі таңда Қарулы Күште Алматыда жаяу институтына осы кісінің есімі берілген. Астанада жергілікті қалада әскери колледждің есімі берілген. Өздеріңізге мәлім қалада бұл кісінің атына үлкен көше ашылған. Осыған ұқсас іс-шаралар Рахымжан Қошқарбаев бабамызға да, қазір Үкімет басшысына жіберіліп жатыр. Жалпы кешенді жоспар. Дәл осындай іс-шаралар осы кісіге де орындалатын болады.