Халық салықтан жалтарған кәсіпкерлер жайлы қандай пікірде?

Кейбір кәсіпкерлер салықтан жалтарып жүр.

Елде көлеңкелі экономиканың үлесі 19%-ке жуықтады. Келер жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 14%-ке дейін төмендеуі мүмкін. Ол үшін Үкімет азаматтардың ақша аударымдарын бақылап, табыс көздерін заңдастырмақ. Алайда мобильдік аударымдар тексеріледі дегеннен бастап қолма-қол қаржымен есептесу қарқын алған. Тіпті көп кәсіп иесі электронды төлем қабылдауға үзілді-кесілді қарсылық танытып жатыр. Бұл жағдай көлеңкелі кәсіпкерлікті азайтуға кедергі болатыны белгілі. Табысын жасырып, салықтан қашқан кәсіпкерлерге халық та қапалы. Бірнеше аптадан бері қызу талқыға түскен тақырып тұрғысында бұқара пікірін бірге білейік.

- Мобильді аударымның салығын қолдаймын. Ол салық мемлекетке түседі, мемлекет біздің жағдайымызды жақсартады.

- Зейнетақы мен басқа төлемақылар жыл сайын өсуі үшін қазынаға салық түсу керек. Сондықтан кәсіпкерлер салықты уақытылы төлеу керек.

- Мысалы, Еуропа елдерінде салық деген көп. Тұрғындар жалтармай төлейді. Ал біздің елімізде керісінше салық аз, адамдар төлемейді. Менің ойымша, төлеу керек.