Психологиялық көмек қызметін реттеу
Қазақстан психологтары қауымдастығында 700 білікті маман тіркелген.
Барлығы да жоғары білімді. Содан кейін бұл үміткерлер тәжірибесі мен біліктілікті арттырғанын растаған. Клиентпен сөйлесу мәдениеті де ескеріледі. Өкінішке қарай, бір-екі курсты меңгере сала, халықтың «жанын тануға», тіпті қалтасын қабуға ұмтылатын психологтар да ортамызда жүр. Мұндайлар қауымдастық құрамына қабылданбайды.
Нұрлан Нұрғазиев, Қазақстан психологтары қауымдастығы президентінің орынбасары:
- Ондай адамдарды жауапқа тарту керек қой. Біздер ондай адамдармен шамамыз келсе, блокируем. Мына адам жоғары білімі жоқ, сертификат алып, алаяқтықпен айналысады деп. Әйтпесе адамның өміріне қауіптімін ғой.
Мамандар психологтарды лицензиялау тәртібін өзгерту керек дейді.
Ержан Мырзабаев, онлайн отбасы академиясының негізін қалаушы:
- Бізде психологтарды лицензиялау керек. Америкада бұл формат бар. Лицензия болған кезде ғана сапа болады. Сапа болған кезде халыққа, қоғамға пайдалы қызмет болады. Сапа болған кезде адамдардың отбасыларына, жеке өздеріне пайдалы бола аламыз.
Елде педагогикалық бағыттағы психологтарға лицензия қарастырылмаған.
Нұрлан Нұрғазиев, Қазақстан психологтары қауымдастығы президентінің орынбасары:
- Лицензия деген медицинский психологияға жатады. Олар медицина саласында жұмыс жасаған соң, міндетті түрде жүреді. Педагогика, психология бітіргендерге әлі шығарған жоқ. Алаяқтардың статистикалық өткізген жоқпын. Бірақ 15 жылдың арасында 150 адамға кездескенбіз. Біздер оларға отказ бердік. Дипломыңыз жоқ. Қалай сіз мына жаққа келдіңіз деп.
Ержан Мырзабаев негізін қалаған онлайн отбасы академиясы осыдан 4 жыл бұрын құрылды. Содан бері 150 отбасылық кеңесші мен отбасылық психологты түлеткен. Сарапшы нақты салалық психологияны дамыту маңызды дейді. Себебі қоғамда менталды денсаулық мәселесі өте өзекті.
Ержан Мырзабаев, онлайн отбасы академиясының негізін қалаушы:
- Кейбір алаяқтар, өтірік негізсіз, зиян тигізетін білім беріп жатыр. Лицензиялау мүмкіндігі болатын болса, тексерілу мүмкіндігі болса, жақсы. Мысалы сіз қазір психологқа барсаңыз, психологтың қызметіне көңіліңіз толмаса, кімге шағымданасыз? Оны қадағалайтын мекеме жоқ.
Сол себепті реттеу механизмін түзу қажет. Бұл мәселені мәжілісмендер де көтере бастады. Расында, дәл қазір психологиялық көмек көрсету заңмен қадағаланбайды. Депутат Айна Мүсірәлімова психологтың әдеп кодексін қабылдау қажет дейді. Ол қазір психологиялық көмек жөніндегі заң жобасына бастамашылық етіп отыр.
Айна Мүсірәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жоба жасауға бізге бүкіл аналитиканы алу керек. сосын жобаға көшу керек. партия аманатта эксперттік топ тағайындалды. Сол группамен жобаға көшеміз.
Депутат түрлі бағыттағы кәсіби психологтарды дайындау мен біліктілігін арттыруда тараптардың өзара байланыста болуы маңызды дейді. Әркім өзінше әрекет еткесін, жұмыстың берекеті шамалы болып тұр.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Қанат Махмұтов