Елімізде көлік тізгіндегендер заңды жиі бұзады

Мәселен, олар былтыр жылдамдықты 4 миллион рет асырып, 2 миллион рет арнайы белгілерді елемеген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті. Сондай-ақ 300 мыңнан астам жаяу жүргінші де жол ережесін бұзған. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда тіркелген деректер саны 20%-ке төмендепті.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Ауыр құқықбұзушылықтар болып жатса, тек айыппұл салумен емес, мынау жүргізуші куәлігінен айыруға дейін, қамауға алуға дейін шаралар қолданып жатады. Ал енді ұсақ-түйек жол ережесін бұзу фактілері кезінде ескертумен шектелу Әкімшілік кодексінде көзделген. Соның бірі – 620-бап.