Сериалдардың мазмұны маңызды
Қазіргі кезде сапалы контент пен сериалдардың мазмұны қоғам үшін аса маңызды.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін Алматыда «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарына телехикая түсіретін продакшн компаниялардың өкілдерімен кездесуінде айтты. Жиынға сериал өндіретін 13 компанияның продюсерлері мен режиссерлері қатысты. Мемлекеттік кеңесші отандық нарықта сериал индустриясы жаңа қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар тәжірибелі продакшндар көбейді. Үлкен аудитория жинайтын сапалы өнімдер артқан. Креативті индустрияға мемлекет тарапынан қолдау ретінде биыл салық жеңілдігі бекітілді. Мемлекеттік кеңесші бұл жұмыс болашақта да жалғасатынын жеткізді. Продакшн компания өкілдері кинопрокат және шетел нарығына шығу бағыты бойынша мәселелерді көтерді.