ШҚО-да бүркітші даярлау орталығы ашылады
Ел шығысында бүркітшілерді даярлау орталығы ашылады.
Аңшыларға арналған этноауыл Ұлан ауданының таулы аймағында орналаспақ. Осылайша бүркіт баптап, саят құруға ниет еткен азаматтарғы қолайлы жағдай жасалады. Орталық маңында келушілерге арналған демалыс орны салынады деген жоспар бар. Ал бүркітшілерді аты әлемге танылған Айшолпан Нұрғайып жаттықтырады. Бүркітші қыз жыртқыш құстарды өсіру тәжірибесімен де бөліседі. Айта кетейік, Айшолпан халықаралық дәрежедегі құсбегілер жарыстарында талай рет жеңіске жеткен азаматша. Бүгінде елімізде құсбегілікпен кәсіби деңгейде айналысатын жүзден астам тұрғын бар.
Айшолпан Нұрғайып, бүркітші:
- Біздің әрі қарайғы мақсатымыз қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, насихаттау. Яғни артымыздағы жастарға үлгі болу. Сонымен қатар шетелдегі туристерді Қазақстанға тартуға жоспарымыз бар. Себебі Қазақстанның салт-дәстүрін шетелдегілер көріп, тағамдарын болсын, қыз қуар, садақ атудан да басқа көптеген ұлттық құндылықтарды көрсеткіміз келеді.