БҰҰ бітімгерлік миссиясы: еліміздің әлемдік аренадағы рөлі артпақ

Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссияларына әскер жіберу – алдымен Қазақстанның дербес мемлекет есебінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі.

Оның үстіне бұл қадам еліміздің әлемдік аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Жуырда БҰҰ-ның инспекциялық тобы бітімгерлік операцияларға қатысуға жоспарланған қазақстандық әскери қызметкерлердің материалдық-техникалық базасын тексерген. БҰҰ сарапшылары жеке құрамның дайындығы жоғары деген баға берді. Олар бітімгершілік операциялар орталығы нұсқаушыларының кәсіби деңгейін де  атап өтіпті.

Тағы бір қайталай кетейік, сарбаздар бітімгерлік базалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Гуманитарлық жүктерді күзетеді, конвойларды алып жүреді, бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарды қорғайды.

Спикерлер:

Бибигүл Жексенбай  ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Шайх-Хасан Жазықбаев - ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары.