Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 7% өсті
Ол үшін ел қазынасынан 474,8 млрд теңге қаржы қаралған.
Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Енді 4 баласы бар отбасыға 60 мың теңгеге жуық жәрдемақы беріледі. Ал 5 балалы жанұяларға тағайындалатын көмек көлемі 73 мыңға жетті. 6 баласы бар отбасы 88 мың теңге жәрдемақы алады. Сондай-ақ 7 баласы бар жанұялар үшін 100 мың теңгеден аса көмек қаралған. Перзент саны 8 ден асқан жағдайда әр балаға 14 мыңнан қаржы беріледі.
Айта кетейік, былтыр 550 мыңға жуық жанұя 413 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алған.