Балалар арасында кибербуллинг көбейді
Талап күшейіп, уақыт азаюда.
Оның үстіне бүгінгі бәсекеге төтеп беріп, білікті маман атану үшін оқушылар таңнан түске дейін үйірме мен дамыту орталықтарына барып, түстен кешке дейін мектепте болып, кешке телефоннан бас алмайды тіпті миы әлбетте бос болмайды. Жасөспірімдердің 11 пайызы жиі күйзеліске түседі. Оған балалардың әлеуметтік желілерде ұзақ отыруы себеп. Оқу ағарту министрлігі осылай мәлімдеді.
Рас, балалардың вертуалды өмірдегі белсенділігі күн санап артып барады. Желіде ақпарат көп, коммуникация қарқынды. Ал ол жерде перзентін бақылап отырған ата-ана аз. Мамандар бұған бей-жай қарамауға шақырады. Себебі әлеуметтік желедегі буллинг белең алды.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші
- 14 млн қазақстандық әлеуметтік желілерді тұрақты пайдаланады. Бұл дегеніңіз қазіргі халық санының 70 пайызына тең. Осы арқылы әлеуметтік желілердің біздегі әлеуетін байқаған боларсыз. Контенті жайнап, хабарламасы қайнап жататын алаңда қажеттісімен қатар, қауіпті ақпараты да бар. Оны ересектермен бірге балалар да бақылап отыр. Мамандар әлеуметтік желілерде балаларды абайлау керек дейді.
Желіге желіккен жасөспірім көп. Әлеуметтік алаңды керегіне емес, кісі келемеждеуге пайдаланатындары да бар. Я, балалар арасында кибербуллинг қарқын алды. Ең қорқыныштысы сол, олардың 52 пайызы өз оқиғасын үлкендерге айтудан қорқатын көрінеді. Бұл дегеніңіз осынша ата-ана баласының базынасынан бейхабар деген сөз.
Ерболат Қалим, киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының басшысы:
- Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мамандары әлеуметтік сауалнама жүргізді. Зерттеу жұмысына 3 ай уақытта 11 мыңнан аса адам қатысты. Белгілі болғандай халықтың 80,4 пайызы киберқауіпсіздіктен хабардар. Сондай-ақ 90 пайыздан аса адам әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жеке ақпаратты қорғау керектігі туралы ақпарат алып отырады.
Ата-аналардың 17 пайызы ғана желіде балаларын бақылайды. Қалғаны перзентінің не қарап, кімдермен хат жазысып жүргенінен хабарсыз. Салғырттық соңы сан соқтырып жүрмесін. Себебі әлеуметтік желіде әлемжеттік көрсетіп, әрекетін әлемге әшкере ететін жасөспірімдер көбейген.
- Рас, желіні ашып қалсаң, сасып қаласың. Ұрысқан, жұлысқан ұл-қыздардың бейнежазбалары желдей есіп жүр. Одан қалды, бірін бірі тілдеп, түрліше бейәдеп жазба қалдырады. Бұған қатысты заң осалдық танытатын секілді. Заңгер осылай дейді.
Аржан Сәдуақас, заңгер:
- Киббербуллингке қатысты бөлек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Бізде тек кибербуллингке қатысты егерде ол жерде азаматтық құқықтармен қорғауға болады, құқықтарыңызды. Азаматтық жауапкершілікке тартуға болады. Моральдық зиянды өнідіріп алуға болады мысалға. Бірақ шын мәнінде зиян алып келген жағдайда ғана сот шешімі оны қанағаттандарыды. Ал зиянды келуді дәлелдеу қиын.
Я, виртуалды әлемнің шекарасы да, шектеуі де жоқ. Мұндағының біразы өзіне өзі қожа, өзі би. Мамандар сол себепті де желі қолданушылары буллингке бейім дейді.
Евгений Питолин, ІТ сарапшы:
- Менің ойымша, кибербуллинг құрбандары әлдеқайда көп. Қазіргі адамдар шынайы өмірде басқа, ал виртуалды әлемде тіпті бөлек образда көрінеді. Әлеуметтік желіде өздерін агрессивті, батыл болып көрсеткенімен, шынайы бейнесі мүлде басқа болуы мүмкін. Осылайша оларға екінші бір адамға қатысты виртуалды буллинг жасау оңайырақ. Сол себептіде кибер келемеждеушілер көбейген.
Ұлыбритания, АҚШ секілді елдер кибербуллингті аса ауыр қылмыстардың қатарына жатқызып, жазасын қатаңдатқан. Германия, Франция, Жаңа Зелландия да бала құқығын таптауды заңмен шектеп қойған.
Шернияз Жалғасбекұлы, Ырыстанбек Оспанов