Абылай Мырзахметовтің соты жабық түрде өтеді
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметтің соты жабық түрде өтеді.
Айыпталушы тараптың осы бір өтінішін сот қанағаттандырды. Айта кетейік, бүгін Астанада Абылай Мырзахметовтің соты басталды. Былтыр кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысына алаяқтық жасап, бір кәсіпкердің туысын қылмыстық жауаптан босату үшін оны қомақты пара беруге мәжбүрледі деген айыптар тағылған еді. Жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамаудан шығару үшін ақша ұсынды деген тағы бір айып тергеу ісіне қосылды.